Қазақстан • 16 Мамыр, 2018

 «Даму-Оптима» бағдарламасы бойынша 5 кепілдік шартына қол қойылды

467 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі таңда «Даму» Қорының  «Даму-Оптима» бағдарламасы бойынша сомасы 97 млн. теңгені құрайтын 5 кепілдеме шартына қол қойылды. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» КДҚ Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Едіге Марғұлан мәлімдеді.

 «Даму-Оптима» бағдарламасы бойынша 5 кепілдік шартына қол қойылды

Едіге Марғұланның айтуынша, өткен жылдың екінші онкүндігінен бастап тағы бір мемлекеттік бағдарлама «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған іс-шараларын іске асыра бастаған. Қор қалалық аймақтарда шағын бизнестегі кәсіпкерлерді несиелеу операторы болып табылады.

Бұл бағдарлама бойынша кіші және орта бизнестегі кәсіпкерлерге несие 5 жылға дейін салалар бойынша шектеусіз.6% мөлшерінде беріледі. Бір кәсіпкер үшін максималды лимит 8000 АЕК құрайды. Егер кепілдік төлем жеткіліксіз болса, Қор несие сомасынан 85 пайызға дейін кепілдеме қолдауын бере алады.

Сонымен бірге, майда несие ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобаларын қоспағанда, жобалары сауда-саттық саласында айналым қаражатын толтыруға бағытталған 45.20 және 45.40 кластарында көзделген автокөлік құралдары мен мотоциклдерді техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қоспағанда, ЭҚЖС "көтерме және бөлшек сауда; автомобилдер мен мотоциклдерді жөндеу" G секциясы) кәсіпкерлері бағдарламаға қатыса алмайды.

Ісін енді бастаған кәсіпкерлер міндетті түрде кәсіпкерліктің оқу курсынан өтуі тиіс. Сондықтан «Даму» Қоры қашықтықтан оқыту бағдарламасын әзірлеп отыр. Яғни, онлайн оқудың артықшылығы: кәсіпкерлік негіздерін кез келген қолайлы уақытта меңгеруге болады. Кәсіпкерлерге бар болғаны edu.damu.kz сайтында тіркеліп, оқу курсын өтті деген сертификат алуы керек.

Бағдарлама бойынша кәсібін жаңадан бастаған немесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер жұмысқа орналасу орталығынан банкке жолдама алу керек болады. Енгізілген өзгерістерге сәйкес енді жұмыс жүрген кәсіпкерлер тікелей банкке жүгінеді, – деді Едіге Марғұлан.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

 АЛМАТЫ